Құрметті тұрғындар!

Бекітілген кестеге сәйкес әр бейсенбі сайын Ерейментау ауданының шалғай ауылдарына денсаулық сақтаудың жылжымалы мобильдік кешені (ЖМК) - дәрігерлермен және заманауи құрал - жабдықтармен жабдықталған амбулаториялық - поликлиникалық автобус шығады.

ЖМК құрамында:

- дәрігер қабылдайтын қарау бөлмесі

- рентген аппараты

- 12 арналы ЭКГ

- УДЗ (УЗИ) аппараты

- дәріхана

- зертхана

- гинекологиялық бөлім

Қабылдауды тар бейінді мамандар жүргізеді:
эндокринолог, хирург, психолог, медбике, рентген - лаборант және т.б.

Тұрғындарды уақтылы тексеруден өтуге шақырамыз.
Денсаулық - ең басты байлық!

Бұл ақпаратты көршілеріңізге, туыстарыңызға және жақындарыңызға хабарлаңыздар.