Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы Ерейментау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық ұйымы қызмет туралы 2025 жылғы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Мәлімет туралы берушілер.
Ерейментау аудандық ауруханасы көрсетілетін қызметті берушінің 8 мемлекеттік қызметін көрсетеді (бұдан әрі-есепке көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген).
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Ерейментау аудандық ауруханасы мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. Оның ішінде мемлекеттік қызметтің 2 түрі ақылы негізде, ал 10 түрі тегін негізде көрсетіледі.
Қорытындысы бойынша 2025 саны көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 256849, оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы - 177 (қағаз нысанда); 256672 (электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз).
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдау негізінде неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер: Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу - 15902; Дәрігердің қабылдауына жазылу - 192367; Дәрігерді үйге шақыру - 584; Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді - көшірме беру-2844; Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру болып табылады - 2280; Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту - 513; Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру - 318; Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдеу өнімдерін, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруи - 24320; Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру – 5471; Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру – 6135; Санаторий-курорттық емделуге қажеттілік туралы қорытынды беру – 177.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ауданның баспа басылымдарында мерзімді түрде жарияланады, сондай–ақ ақпарат ауданның медициналық ұйымының ресми интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылады. Сонымен қатар, ақпарат аудандық ауруханада қоғамдық орындарда ақпараттық стендтерде орналастырылған.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы Ерейментау ауруханасы мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шараларын өткізді. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін "Е-GOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру жоспары бойынша 2024 жылы көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде 2025 жылда Мемлекеттік қызметтерді танымал ету мақсатында 21 инфографика орналастырылды.
2025 жылдың Ерейментау аудандық ауруханасының ресми Instagram желісінде 2 тікелей эфирде көрсетілді.
2025 жылдың басынан бастап ауруханада Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен оларды көрсету тәртібі бар стендтер ресімделді.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді халықтың өз бетінше алуы және ыңғайлы болуы үшін үй-жайда барлық қажетті "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы"ұйымдастырылып, жабдықталды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2025 жылы мамандар мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттырудан өткен жоқ. Оқыту 2026 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Ерейментау ауданы әкімінің аппаратына қажеттілігіне қарай жіберіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан Ерейментау ауруханасына Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2026 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады. 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Медициналық ұйымның қызметі туралы 2025 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: erm-crb@mail.ru
Ерейментау аудандық
ауруханасының Бас дәрігері М. Сүлейменова
Орындаушы: Кромм Н.
Телефон: 8(71633) 2 15 68


















