Жалпы шығын 500 миллион теңгеден асты, оның ішінде тек абаттандыру жұмыстарына 156 миллион теңге жұмсалды.

Ол бұл жобаның Еркіншілік, Ақсуат және Еңбек ауылдарындағы 3000- нан астам халыққа медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға бағытталған. Амбулатория заманауи жабдықтармен толық жабдықталған.

Дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 70 адамды қабылдай алады. Мұнда физиотерапия және емдік дене шынықтыру қызметтері көрсетілетін күндізгі стационар да орналасқан.кадр мәселесі толық шешілген.

Амбулатория отадан кейінгі және жарақаттардан кейінгі тез сауығуға ,сапалы медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық заманауи ресурстармен қамтылған.