Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. тапсырмасы бойынша облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге дайындықты мониторингтеу мақсатында топ құрылды.Топқа денсаулық сақтау басқармасының орынбасары жетекшілік етіп, МСАК және педиатрия саласындағы бас мамандар ,отбасы жоспарлауды үйлестірушілер,балалар ауруын интеграциялы түрде жүргізу бойынша мамандар тартылды.
31.03.2025 бастап. 01.04.2025 жылға дейін топ Ерейментау ауданына барды, оның барысында емханасы бар аудандық аурухана, Майлан, Торғай, Тайбай, Есеншілік ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары тексерілді.
Жұмыс тобының мамандары ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті, жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерге шұғыл көмек көрсету, құнарлы жастағы әйелдерді бақылау бойынша семинарлар өткізді, оларды орындау үшін нақты ұсыныстар мен мерзімдер берілді.