ХАБАРЛАНДЫРУ

2017 жылға зарарсыздандыру құралдарын сатып алу тендері

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ерейментау орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі 2017 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында фармацевтикалық қызметтерді сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.. Сатып алынатын тауарлардың толық тiзбесi (сатып алынатын тауарлардың халықаралық патенттелген атаулары, сатып алу көлемдері, әр лот бойынша сатып алуға бөлінген сомма) және егжей-тегжейлі ерекшеліктері тендерлік құжаттамада көрсетiлген. Қызметтер көрсетілетін мерзім: 2017 жыл бойы тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша .Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Ережесінің 15-тармағында көрсетілген бiлiктiлiк талаптарға сай келетiн әлеуетті өнім берушілер ғана жiберiледi.
Тендерлік құжаттар көшірмелерінің пакетiн 2017 жылғы 13 наурыз сағат 10.00-ге дейiнгі мерзімде мына мекен-жайдан: Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Альжанова , 14, № 8 кабинет (goszakup24407 @mail.ru) электронды поштасы арқылы алу5а болады.
Тендерлік өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi 2017 жылғы 13 наурыз   жергiлiктi уақытпен 13 сағат 00 минутке дейiн.
Тендерлік өтiнiмдер бар конверттер 2017 жылғы 13 наурыз   жергiлiктi уақытпен 14 сағат 30 минутке келесі мекенжай бойынша ашылады: Ақмола облысы,Ерейментау ауданы, Ерейментау  қаласы, Альжанов  көшесі, 14, мекен-жайы бойынша ашылады.
Әлеуетті өнім берушілер конверттердің ашылуына тендерлік тапсырыстарымен қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (716-33) 2-44-07 телефоны арқылы алуға болады.